АУҚАТТЫДА ҚОНЫС ТОЙ

0

Дәл осы күні Ауқатты ауылында тағы бір баспанаға мұқтаж отбасы үйлі болды. Мұнда ауыл тұрғындары жалғызбасты ана Зульфия Машанлоға асарлатып үй салып беріпті.

Салтанатты жиынды ашып, қуаныш иесіне бес бөлмелі баспананың кілтін табыс еткен Ауқатты ауылдық округінің әкімі Бірлік Манкеев жерлестерін Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
«Расында, біз үшін бүгінгі күннің маңызы зор. Осындай күні ауылымызда жағымды жаңалықтың орын алып, Атымтай жомарт азаматтардың көмекке мұзтаж азаматшаға «асарлата» үй салып бергені нұр үстіне нұр болды. Осындай қуанышқа толы сәттер көп болсын!», — деп төрт баланың анасы Зульфия Машанлоға үйдің кілті мен алдын ала даярланған азын-аулақ сыйлықтарын табыс етті.
Келесі кезекте ауыл ақсақалдары Төлеубай Баймұхамбетов, Хия Харби және Ламзар Айдаров қайырымдылық шараға қосқан үлестері үшін алғысын айтып, аталық баталарын берді.
Ауқаттыдағы мерекелік іс-шаралар легі мұнымен толастамай, ауыл тұрғындары ауылдық мәдениет үйінде бас қосты. Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын барысында ауылдық округ әкімдігінің өкілдері ауылдың, ауданның, облыстың өркендеуіне үлес қосқан азаматтарды марапаттап, көпшіліктің көңілінен шыққан концерттік бағдарламаны тұрғындардың назарына ұсынды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.