АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ӨТЕТІН БОЛАДЫ

0

Қордай ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік жұмыстары жүргізілуде.

Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес «Таза Қазақстан» акциясы аясында ауқымды сенбілік жұмыстары жүргізілуде.

Аудан аумағындағы барлық елді мекендерде күл-қоқысты тазарту жұмыстары ұйымдастырылып, экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында бірқатар шаралар қолға алынуда.

Әсіресе, республикалық және облыстық маңызы бар жол жиектерінің тазалығына ерекше мән берілуде.

Сенбілік барысында жол жиектеріндегі қоқыс қалдықтары жиналып, арнайы техникалардың көмегімен шығарылуда. Сонымен қатар, ауыл көшелері, саябақтар, қоғамдық орындар мен өзен-көлдердің жағалаулары тазартылып, экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Қоршаған ортаны қорғау және тазалықты сақтау – әрбір азаматтың ортақ міндеті екенін ескере отырып, барша аудан тұрғындарын сенбілікке белсенді түрде атсалысуға шақырамыз!

Leave A Reply

Your email address will not be published.