15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай Қордай ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен мерекелік кеш өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамдағы отбасы институтының маңыздылығын арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, отбасылық дәстүрлерді сақтау мен дамыту, сондай-ақ тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізу болып табылады.
Шара барысында көтеріңкі көңіл-күй мен жылы атмосфера қалыптасты. Қатысушылар үшін арнайы әзірленген концерттік бағдарлама ұсынылды, сондай-ақ отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған түрлі танымдық және мәдени шаралар ұйымдастырылды.
Мерекелік кеш көпшіліктің көңілінен шығып, отбасылық жылылық пен бірліктің маңыздылығын тағы бір мәрте айқындай түсті.