Құрметті жерлестер!
Қадірменді ағайын!
Баршаңызды Жаңа 2024 жылмен шын жүректен құттықтаймын!
Біз үшін тәуелсіз мемлекетіміздің әрбір өткен жылы маңызды. Жүз отыздан астам ұлт өкілін бір шаңырақтың астына біріктірген мемлекетіміздің абыройы жыл өткен сайын асқақтап, іргесі берік, мемлекеттігі бекем елге айналуда. Еліміздің дамуына қордайлықтар да елеулі үлес қосып, көпұлтты ауданымыз бүгінде ұлтаралық татулықтың арқасында талай биіктерді бағындырды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған Жолдауы мен мемлекеттік бағдарламарын тиімді іске асырудың нәтижесінде ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсарып, халықтың әл-ауқаты артты деуге толық негіз бар. Әр жылды жаңа жобалармен, жемісті нәтижемен қорытындылайтын ауданымыз үшін 2023 жыл нәтижелі жетістіктерге, маңызды шараларға толы болды. Аудан халқының ынтымақ-бірлігі, еселі еңбегі арқылы биік белестер мен мақсатты межелер еңсерілді.
Қадірменді ағайын!
2024 жылы жүзеге асырылатын басым бағдарламалардың оң нәтиже беруі – Сіздер мен біздердің ынтымағымызға, бірлігімізге байланысты. Бірлігі бар елдің – тірлігі болады.
Біз қасиетті құндылықтарымызды қастерлеу арқылы жаңа табыстарға жетеміз, асқар асуларды бағындырып, биік белестерден өтеміз деген сенімдемін.
Жаңа жыл — тың мақсаттар мен бастамалар кезеңі. Әр адамның арман-тілектерін, сенімін еселеп, келешегіне үлкен үміт артатын шақ. Барша жұрт асыға күтетін осы мерекеде әр шаңыраққа ырыс пен ынтымақ, бақ-береке дарысын. Еліміздің өрісі кеңейіп, табысы таси берсін деп тілеймін!
Жаңа жыл құтты болсын!