АУДАН ӘКІМІ Р.ДӘУЛЕТТІҢ НАУРЫЗ МЕЙРАМЫМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ

0

Ардақты ағайын!

Құрметті жерлестер!

Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бірлік пен берекенің, жаңару мен жасарудың бастауы болған төл мерекеміз – Наурыздың ел өміріндегі алар орны ерекше. Тарихын тереңнен тартқан Наурыз мейрамы егеменді елімізбен бірге жаңарып, көпұлтты Қазақстан халқының сүйікті мерекесіне, саяси тұрақтылықтың негізіне айналды.

Әрбір мемлекеттің ең басты құндылығы оның тәуелсіздігі, ұлттық бірлігі, қоғамдағы тұрақылығы мен келісімінде екені белгілі. Тәуелсіз елімізде достық пен ынтымақтастықтың, өзара келісім мен түсіністіктің берік іргетасы қаланып, осының арқасында Қазақстанның экономикасы тұрақты түрде дамуда. Осындай бірлігі жарасқан халықтың бірлескен еңбегінің нәтижесінде бүгінде Қазақ елін бүкіл әлем таниды. Осы орайда еліміздің ертеңін айқындап, ұлы дала елін жаңа қадамдарға жетелейтін идеяларды бекітіп берген Елбасының еңбегі ерен.

Бүгінде халқымыз Қазақстанның болашағына бұдан да үлкен сеніммен қарайды. Өйткені, алдымызда ұлтымызға ұлы бағдар болған Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан-2050» даму стратегиясы, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары сынды ұзақ мерзімді жоспарлары мен қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыруға бағытталған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың саяси Жолдауы және халықтың рухани санасын тереңдетіп, ұлттың болмысын сақтауға бағытталған «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» сынды мақалаларынан туындаған міндеттерді абыроймен атқарсақ, алдағы алар асуларымыз биік болары сөзсіз.

Тарихы терең, мән-мағынасы ерекше бұл мерекені Қордай ауданының халқы да жыл сайын ерекше ықыласпен қарсы алады. Ғасырлық тарихы бар киелі өңірімізде отыздан астам ұлт өкілдері өмір сүріп, ел игілігі жолында еңбек етіп келеді. Осындай мызғымас бірліктің арқасында ауданымыз өркендеп, экономиканың барлық салаларында даму көрсеткіштері сақталуда. Ең бастысы аймақта тұрақтылық, түсіністік пен азаматтық келісім бар. Бұл біздің басты жетістігіміз деп білемін.

Құрметті қордайлықтар!

Құт-берекенің бастауы болған көктем мерекесі сіздерге және отбасыларыңызға ырысы мен байлығын, бақыты мен ынтымағын әкелсін.

Біздің ортақ үйіміз – тәуелсіз Қазақстанның гүлденуі үшін атқарып жатқан еңбектеріңіз әрдайым жемісті де баянды болуына тілектеспін.

Әр отбасыға бақыт, табыс, амандық тілеймін.

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі құтты болсын!

Leave A Reply

Your email address will not be published.