Өткен аптада аудан әкімі Бегзат Болтабеков тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Қабылдауға келген бір топ қордайлықтар тұрғын үй құжатына байланысты туындаған проблеманы шешуге ықпал етуді сұрады.
Мәселенің мән-жайына қанық болған аудан басшысы заң аясында шешімі табылуына қолдан келгенше көмек беретінін айтып, жауапты мамандарға бірқатар тапсырмалар жүктеп, мұндай проблемалардың алын алу үшін жан-жақты жұмыстар жүргізу қажеттігін ескертті.
Жалпы айта кетер болсақ, аудан әкімінің қабылдауына келген азаматтардың барлығының сұрақтары Бегзат Сейсенқұлұлының жеке бақылауына алынып, оны шешу жолдары қарастырылып, заң аясында түсініктеме беру, зерделеу, оңды шешімін табу үшін заңнамалық тұрғыдағы талаптардың орындалуы жайы әрдайым басты назарда болып келеді. Ал, туындаған мәселелер бойынша жауапты мамандарға тапсырмалар жүктеліп, атқарылу уақыты да айқындалып отырады.