17 қаңтарда Тараз қаласындағы Ардагерлер орталығында «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Жамбыл облыстық филиалының кезекті пленум отырысы өтті.
Пленумда ұйымының төрағасы Еркінбек
Солтыбаев өткен 2024 жылғы облыстағы ардагерлердің
атқарған жұмыстары жайлы есеп берді.
Аталмыш пленумда облыстық ардагерлер кеңесінің төраға орынбасары Ж.Миллионов «Жастар тәрбиесі – адамзаттың мәңгілік тақырыбы» атты баяндама жасады. Барлық аудандардағы ардагерлер төрағалары мен мүшелері жастар, тойды реттеу, ардагерлерге құрмет секілді көптеген мәселелерді ортаға салып, келелі ойларын айтты. Осы Пленумда облыс әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасына қарасты облыстық жастар ресурстық орталығының мүшесі сөз сөйлеп, ардагерлер мен жастар арасындағы қарым-қатынас берік орнай түсті.
Пленум соңында рейтинг қорытындысы жарияланып, белсенді ардагерлер, үздік билер марапатталды. 2024 жылдың қорытындысы бойынша Қордай аудандық ардагерлер кеңесі Жамбыл облысы бойынша
II-орынға ие болды. Құтты болсын!