6 желтоқсан күні аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті. Оған «AMANAT» партиясынан депутат, Қордай аудандық мәслихатының хатшысы Нұрдин Садықов төрағалық етіп, сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай, аудандық мәслихаттың депутаттары, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысты.
Депутаттар аудан бюджетіне өзгеріс енгізу туралы мәселені қарап, ол бойынша аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы С.Абдужалиева баяндама жасады.
Сонымен қатар сессия барысында аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Жанат Дадабаеваның аудандық мәслихат депутаттары М.Адамбеков пен Б.Анарбековтың жеке арыздары бойынша өкілдіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ақпараты тыңдалды.
Содан кейін «Қордай ауданының Құрметті азаматы» атағын беру туралы» мәселе бойынша комиссия хатшысы Жанат Дадабаева үміткерлер тізімін ұсынды. Аталмыш атақ жылына бір рет әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуға қосқан елеулі үлесі, мемлекеттік және қоғамдық жұмысы, рухани-зияткерлік дамуға қосқан үлесі, өндіріс, бизнес және басқа салаларда жеткен жетістігі үшін берілетіні белгілі. Тізім бойынша Абдраимов Ғабидин Игібайұлы, Байтөле Болатбек Байқонысұлы, Двумаров Дыдыр Харсанович, Сатыбалдиев Жамбыл, Сейлхан Асқарбек Ақылшаұлы ұсынылып, үміткерлер бірауыздан қолдау тапты.
Сонымен бірге «Масаншы ауылдық округінің Күнбатыс-2 ауылында Шығыс көшесінің атауын өзгертіп, Өмірбек Байділдаев атын беру бойынша ұсыныс енгізу туралы» сұрағы қаралды, бұл сұрақ бойынша аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық жұмысы бөлімінің басшысы Ердос Тоқтағұлов баяндама жасады. Сонымен қатар, сессияда бекіту үшін Қордай ауданы әкімдігінің жанында ономастика бойынша жұмысшы топтың және терроризмге қарсы топтың құрамдары жарияланды. Барлық сұрақтар бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
АУДАН БЮДЖЕТІНЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
Prev Post
Next Post