9 қыркүйекте аудандық мәслихаттың сессиясы өтіп, оны Қордай аудандық мәслихаты төрағасының міндетін атқарушы Қарлыған Қыпшақбаева жүргізді, сессия жұмысына депутаттардан басқа аудан әкімінің орынбасары Бақыт Сахатов, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, аудандық қоғамдық кеңестің төрайымы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы қатысты. Сессияда депутаттар ағымдағы жылғы аудан бюджетіне өзгертулер енгізу туралы мәселені қарап, аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімі ұсынған жер учаскелері және өзге де жылжымайтын мүлік болып табылатын жер учаскелерін мемлекет қажеттілігіне қайтару туралы келісімшарттардың жобаларын талқылады.