Аудан спортының бәсі жоғары

0

Адам өмірінде спорттың өзіндік орны бар. Ол сергектік, денсаулық кепілі. Аудан спортшылары жылды қалай қорытындылады. Спортшылар қандай нәтижелер көрсетті. Осыған байланысты, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі ұсынған жағымды жаңалықтарды назарға ұсынсақ.

Аудан тұрғындарының спортпен шұғылданулары үшін түрлі деңгейдегі 360 спорт нысандары жұмыс жасайды. Атап айтқанда, 80 спорт зал, 1 стадион, 271 шағын спорт алаңшасы нысандарының салауатты өмір салтын ұстанамын деушілерге есігі айқара ашық. Аталған спорт нысандары кешкі мезгілде аудан тұрғындарына, барлық спорт түрлерімен  шұғылдануға қолжетімді. Ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын барлық  жастағы тұрғындардың саны 64867 адамға немесе 41 пайызға жеткен. Бүгінгі  таңда  аудан тұрғындарын, оның ішінде жастарды салауаты өмір  салтын  қалыптастыруға,  бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында  Бетқайнар, Әлжан ана, Ауқатты, Сарыбұлақ ауылындағы дене  шынықтыру – сауықтыру  кешендерінде және Қордай ауылындағы бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу орталықтары жұмыс істейді.   Ауылдық  округте, оның ішінде  елді  мекендерде  бұқаралық  спортты дамыту мақсатында  спорт  нұсқаушы әдіскерлері кіші футбол, волейбол, асық ату, дойбы, шахмат, үстел теннисі және т,б  спорттық іс-шаралар ұйымдастырып, жалпысы   34333 адам  тартылыпты.

Аудан спортшылары байрақты бәсекелерде ел намысын абыройлы қорғап, аудан атын әлемдік ареналарда жер-жаһанға танытуда. Ағымдағы жылы аудан спортшылары облыстық, республикалық, халықаралық жарыстарға қатысып, жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Атап айтқанда, жерлесіміз Исмайыл Люшанло Венгрияның Будапешт қаласында өткен Әлем чемпионатында кикбокстан 60кг салмақта жеңіске жетіп екі дүркін әлем чемпионы атағын иеленді. Сонымен қатар, Олег Клобук Қырғызстан Республикасы Шолпан-ата қаласында ересектер және ардагерлер арасында өткен әлем чемпионатында 40-45 жас аралығында 73кг салмақ дәрежесінде 24 кг гір тасын 207 рет көтеріп «Әлем чемпионы» атанды.  Жас спортшымыз Асемай Түлен ағымдағы жылы «Free fifting MMA» Азия чемпионы және аталмыш спорт түрінен Әлем чемпионы атағын жеңіп алды. Самбо күресінен спорт шеберлері арасында әлем чемпионы Бахытбай Жақсылықов спорттық Самбодан өткен Азия және Океания Чемпионатында чемпион болды. Сондай-ақ, ҚР 4 дүркін чемпионы атанды. Бұған қоса, Шариз Буралкинова Саха Республикасы, Якутск қаласында өткізілген VIII-Халықаралық “Азия балалары-2024” спорттық ойындарында «Кураш» күресінен +63 кг. салмақ дәрежесінде 3-орын иеленді. Тағы бір жерлесіміз Самира Сахариева ағымдағы жылы «MMA FREE FIGHTING» аудандық ашық біріншілігінде чемпиондық белбеу иегері, сондай-ақ, «Жемчужина Қырғыстан» халықаралық фестивалінің «Араши ММА» бойынша қола жүлдегері, «FREE FIGHTING SHOOK» әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Ауданымыздан түлеп ұшқан, саңлақ спортшы Асхат Жантұрсынов кәсіпқой бокс спорт түріне ауысып, халықаралық аренада жоғары нәтижелер көрсетті. Онымен қоса, жерлесіміз Диас Молжігітов  бокстан ҚР жастар арасында 2 дүркін чемпионы, сондай-ақ, Венгрия, Белоруссияда өткен халықаралық жарыстарының жеңімпазы, Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Табандылығы мен жанқияр еңбегінің арқасында еліміздің намысын қорғап, атақ-абыройын арттырып жүрген спорт саңлақтары көбейіп келеді. Білікті, білімді және дені сау ұрпақ еліміздің келешегі екені анық.

Leave A Reply

Your email address will not be published.