Қордай ауданы бойынша 58 референдум учаскесі жұмыс істейді. Таңғы сағат 06:00-ден бастап барлық учаскелерде дайындық жұмыстары жүргізілді.
Референдум учаскелері сағат 07:00-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалуымен ашылды.
Учаскелер жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.
Ел тарихындағы маңызды саяси науқаннан қалыс қалмай, өз учаскеңізге келіп, дауыс беруге шақырамыз.