Ауданда төтенше жағдай кезеңінде көрсетілген әлеуметтік көмектер

0

Аудан бойынша төтенше жағдай кезінде қызметінің шектелуіне байланысты кірісінен айырылған 37924 азаматқа әлеуметтік төлем алудың 1-ші кезеңі бойынша жалпы сомасы 1611,7 млн теңге әлеуметтік төлем төленсе, 2-ші кезең бойынша 22816 азамат 969,6 млн теңгеге әлеуметтік төлеммен қамтылды. Сонымен қатар, төтенше жағдай кезінде халықтың осал тобына жататын азаматтарды азық-түлік себетімен қамтамасыз етуге республикалық бюджеттен 191,9 млн теңге қарастырылды. Бүгінгі таңда аудан көлемінде 8846 азамат наурыз, сәуір, мамыр және шілде айларында 142,8 млн теңгеге азық-түлік себетімен қамтамасыз етіліп, жоспар 100% орындалды. Одан бөлек тамыз айына 49,1 млн теңге қаражат қарастырылып, аталған азаматтар азық-түлік себетімен қамтамасыз етілетін болады. Сондай-ақ, төтенше жағдай режимінде 7 санатқа жататын азаматтардың коммуналдық төлемдерін өтеуге республикалық бюджеттен 462,4 млн теңге қарастарылған. Сәуір, мамыр айларында 7706 адамға 231,1 млн теңге, шілде айында 3000 адамға 90,0 млн теңге төленді. Ал, қыркүйек айында 4706 адамға 141,1 млн теңге төлеу жоспарланған. Бүгінгі күнге олдардың есеп шоттарын анықтау жұмыстары жүргізілуде

Leave A Reply

Your email address will not be published.