Аудандық Қоғамдық кеңестің құрамын қалыптастыру жөніндегі жұмысшы тобының мүшелерін сайлау туралы конкурс өткізу ХАБАРЛАМАСЫ

0

Қордай аудандық мәслихаты Қазақстан Республикасының 2015 жылдың 2 қарашасындағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының талаптарына сәйкес Қоғамдық кеңес құрамын қалыптастыру жөніндегі жұмысшы тобының ( әрі қарай — Жұмысшы топ) мүшелерін сайлау туралы конкурс өткізілетіндігін хабарлайды.

Осы Жұмысшы тобын сайлау үшін коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардан ұсыныстар 2024 жылдың «9» желтоқсанынан бастап «23» желтоқсанына дейін сағат 18:30-ға дейін  қабылданады.

Құжаттарды қабылдау мекенжайы және уақыты:

Қордай ауылы, Төле би көшесі,  № 106.

№11 бөлме, байланыс телефоны, факс — 2-10-59,

электрондық мекенжай: korday_maslihat@mail.ru

уақыты: сағат 9.00-ден  18.30-ға дейін, үзіліс: 13.00  —  14.30.

Қоғамдық кеңес құрамын қалыптастыру жөніндегі жұмысшы тобының мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптар:

Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, сондай-ақ Қоғамдық кеңес құрамын қатыптастыру жөніндегі жұмысшы тобы құрылған жағдайда – тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде тұратын азаматы бола алады;

сотталғандығы болмауы;

сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;

психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмауға тиіс.

Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттар:

1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;

2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;

4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама ұсынылады.

Жоғарыда көрсетілген үлгіге мыналар қоса беріледі:

  1. Ұсынылып отырған немесе өзін ұсынып отырған кандидаттың жеке куәлігінің көшірмесі.
  2. Коммерциялық емес және өзге де қоғамдық бірлестіктердің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің әділет органдарында тіркелгені туралы құжаттың көшірмесі.

Қордай аудандық мәслихатының  төрағасы Н.Садыков

Leave A Reply

Your email address will not be published.