АУДАНДЫҚ ДӘРІГЕРЛЕР ТҮРКИЯДА БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРДЫ

0

Мемлекет басшысы әр жылғы халыққа арнаған Жолдауларында тұрғындардың денсаулығын нығайтуға қатысты үкіметке, тиісті министрліктерге ұдайы тапсырма беріп келеді. Өйткені азаматтардың денсаулығы үшін медицина саласын дамыту аса маңызды. Қордай ауданының денсаулық сақтау саласында жеткен жетістіктері аз емес.

Жергілікті дәрігерлер де халыққа сапалы қызмет көрсету мақсатында біліктіліктерін арттырап, әрдайым ізденіс үстінде жүреді. Мәселен, жуырда Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанар Оспанова мен Қордай аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Зәуреш Қадырбекованың қолдауымен, аудандық орталық ауруханасының үш дәрігері, атап айтатын болсақ, хирург — Н.Жақсембаев, травматолог-Н.Жұмаділ, анестезиолог-Н.Қарағойлыев Түркия мемлекетінің Стамбул қаласындағы Istanbul Aydin University MEDIKAL Park Florya клиникасында біліктілігін арттырудан өтті .
Тәжірибе барысында қордайлық ақ халаттылар өздерінің кәсіби білімдері мен дағдыларын жетілдіріп, дәрістер тыңдап, медицина университетінің семинарлары мен шеберлік сабақтарына қатысты. Әр маман тәжірибелі, білікті және білімді профессор-дәрігерлермен жұмыс істеді, хирургиядағы теориялық және практикалық жаңа әдістерді меңгеріп, практикалық білімді жетілдірді. Болашақта дәрігерлердің әрқайсысы өз білімдері мен тәжірибелерін іс жүзінде қолданып, алған білімдерін жергілікті хирургтармен бөліспек.

Leave A Reply

Your email address will not be published.