Аудандық мәслихат депутаттары А.Идыбо мен К.Уалиева Булар батыр ауылының тұрғындарымен кездесу өткізіп, Қазақстан Республикасының Конституциясы жаңа жобасы және алдағы республикалық референдум бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында Конституция жобасының негізгі бағыттары кеңінен баяндалды. Атап айтқанда, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, заң үстемдігін нығайту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту мәселелері сөз болды.
Жиын барысында тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мазмұнды жауаптар алды. Кездесу қорытындысында ауыл тұрғындары конституциялық өзгерістерді қолдайтындарын білдіріп, республикалық референдумға белсенді қатысуға ниетті екендіктерін жеткізді.
#референдум2026
#ЖаңаКонституцияҮшін
#ЗАновуюКонституцию
#АтаЗаң
#15наурыз
АтаЗаңдыҚолда