Құрметті Қордайлықтар!
Сіздерді Астана күнімен құттықтаймын!
Армандар мен батыл жасампаз идеялар, небір күрделі шешімдерді жүзеге асырған Астана әрқайсымыздың мақтанышымыз. Жаңа қала қысқа мерзімде бейбітшілік пен келісім астанасы мәртебесіне ие болып, еліміздің саяси, экономикалық, мәдени және ғылыми өмірінің орталығына айналды. Бүгінде Елордамыз бүкіл ел үшін жоғары стандартты белгілеп отыр, ал қазақстандықтар оның ауқымына сай болуға тырысып, ең бірегей жобалар мен жоспарларды жүзеге асыруда.
Елордамызды миллиондаған қазақстандықтар ғана емес, сонымен қатар көптеген басқа елдерден келген туристер де жақсы көреді және бүгінде ол өз мерекесін заманауи қаланың керемет келбетінде атап өтуде.
Құрметті жерлестер!
Сіздерге зор денсаулық, бейбітшілік, жақсылық пен өркендеу тілеймін! Бейбітшілік пен прогресске ұмтылған миллиондаған адамдарды, қалалар мен елдерді біріктіретін Астанамыз гүлденіп, дами берсін!