АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ НҰРДИН САДЫҚОВТЫҢ ҚҰТТЫҚТАУЫ

0

Құрметті жерлестер!

Баршаңызды 25 қазан – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын.

Біз қашанда тәуелсіздікті ту етіп, бірлігімізді берік ұстаған халықпыз. Ғасырлар бойы азаттықты аңсап, егемендікке жету жолында жанын қиған батыр халықтың ұрпағымыз. Сондықтан да, бабалар аңсаған бақыт бастауы болған тәуелсіздік елдің баға жетпес байлығы. Ал, Республика күні тәуелсіздігіміздің алтын тұғыры болмақ.

Тірегі – тұрақтылық, тілегі – татулыққа негізделген елімізді бүгінде әлем бейбітшілік бесігі деп мойындайды. Біз мұны зор мақтаныш сезімімен айтамыз. Тәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап мемлекетіміздің ел болып қалыптасуына, бүгінгі қол жеткізген жетістіктерінде Қордай халқының қосқан үлесі зор. Қай сала да болмасын көш бастаған ауданымыздың экономикасы, халықтың тұрмыс деңгейі артып келеді. Бұл бірлік пен татулықтың арқасында қол жеткізген ортақ еңбек.

Құрметті жерлестер!

Сіздерді Ұлттық мерекемізбен құттықтай отырып, мықты денсаулық, отбасыларыңызға ырыс-несібе, амандық, халқымызға береке-бірлік, елімізге тыныштық тілеймін.

Leave A Reply

Your email address will not be published.