АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ НҰРДИН САДЫҚОВТЫҢ ҚҰТТЫҚТАУЫ

0

Құрметті қордайлықтар!
Сіздерді ерлік пен жанқиярлық мерекелері – Ұлы Жеңіс күнімен және Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
9 мамыр – жеңімпаз ұрпаққа ерекше мақтаныш, құрмет, алғыс айту мерекесі. Бұл қасиетті дата еліміздің барша тұрғындарына соғыс жылдарындағы ел бірлігінің символы, Отан қорғаушылардың ерен ерлігін еске алу ретінде қымбат. Біздің әкелеріміз, аталарымыз, арғы аталарымыз жанқиярлықпен бейбітшілікті сақтап қалды, Отанды қорғады. Әр отбасы өз туыстарын – майдандарда ерлікпен шайқасқан, тылда еңбек еткен батырларды еске алады. Оларға деген алғысымыз шексіз, ерліктері мәңгілік ұмытылмайды! Қордайлық жерлестердің есімі Ұлы Отан соғысы тарихында мәңгілік қалды.Аудан тұрғындарының еңбек ерлігі де баға жетпес. Егістік басында еңбектенген әйелдер мен балалар, қариялар соғыс майданына миллиондаған тонна азық-түлік жіберіп тұрды.
Құрметті жерлестер!
Ардагерлердің, тыл еңбеккерлерінің ерлігі әрқашан өз еліне деген риясыз махаббат пен адалдықтың үлгісі болып қала бермек!
7 мамыр – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылған күні.
Осынау ерлік пен батылдық мерекесінде біз патриоттық борышын өтеген батырларды ерекше құрметтейміз және бүкіл саналы ғұмырын жауапты миссияға – Отанды және оның ұлттық мүдделерін қорғауға арнағандарды құттықтаймыз.
Қорғаныс әлеуетін нығайту, әскери қызметкерлердің жауынгерлік әзірлігін арттыру және оларды жан-жақты қамтамасыз ету – мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Ал біздің әскери қызметшілеріміз азаматтарымыздың өмір сүріп, еңбек етіп, өз болашағын және балаларының болашағын сенімді түрде құруы үшін кәсіпқойлық, ұйымшылдық пен іске адалдық танытып, бірлік пен тыныштықты күзетіп, батыр бабаларының даңқты жауынгерлік дәстүрлерін лайықты жалғастыруда.
Тәуелсіз елімізде патриоттық тәрбиенің үлгісін көрсетіп отырған осынау қос мерекеде баршаңызға зор денсаулық, отбасылық бақыт, береке-бірлік, бейбітшілік пен мейірім тілеймін!

Leave A Reply

Your email address will not be published.