Құрметті «Қордай шамшырағы» — «Кордайский маяк» аудандық газеті редакциясының ұжымы және ардагерлері!
Аудандық газеттің 90 жылдығымен құттықтаймын!
Сіздердің мерейтой – бұл газет жолдарымен жазылған біздің ауданымыздың тарихы. Бұл тек газет ұжымының ғана емес, оның мыңдаған оқырмандарының ортақ мерекесі.
90 жылда газеттің сыртқы келбеті өзгеріп, тілшілер ауысқанымен, жазылатын тақырыптардың өзектілігі, газет материалдарының шынайылығы мен оқырманға деген адалдық, аудандағы әрбір маңызды оқиғаға деген көзқарас еш өзгерген емес.
Газет өлкенің тыныс-тіршілігін объективті түрде баяндайды, біз оны мақтан тұтамыз, сүйеміз, асыға күтеміз. Оқырманын ойлайтын, жақсы жаңалықты жеткізіп, көкейкесті мәселелерді көтеретін, қуанып, құттықтап, мұңын мұңдап, еске алатын, бір сөзбен айтқанда, бізбен бірге өмір сүретін нағыз шынайы газет қана осындай көзқарасқа лайық.
Газеттің өзіндік танылатын келбеті, берік әрі айқын қолжазбасы, қалыптасқан мінезі бар. Қордай шамшырағы»-«Кордайский маяк» газетінің редакциясы — газет беттерінде өміріміздің өзекті мәселелерін айшықты да түсінікті етіп көтеріп жүрген талантты кәсіби шеберлер ұжымы. Газеттің жаңа және дәстүрлі айдарлары әртүрлі ұрпақ оқырмандарына арналған.
Газет ұжымына шығармашылық табыс пен жаңа биік шыңдарды бағындыруды тілеймін! Барша оқырмандарыңыз үшін қызықты, дана және мейірімді сұқбатшы болып қала беріңіздер!