АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ НҰРДИН САДЫҚОВТЫҢ ҚҰТТЫҚТАУЫ

0

Құрметті қордайлықтар!

Санаулы күннен кейін егемен елімізге жарқын істер сыйлап, жаңа биіктерден көрсеткен қоян жылы тарих қойнауына еніп, үкілі үмітке толы ұлу жылы басталады.

Баршаңызды келе жатқан 2024 Жаңа жылмен құттықтаймын!

Бұл мереке –  әр адамның жүрегіне жаңа үміттер мен ізгі армандар ұялататын ерекше күн. Жаңа жыл қарсаңында баршамыз өткенді ой елегінен өткізіп, саралап, келер жылға таза ниетпен, келешекке деген мол сеніммен аттағанды қалаймыз.

Өткен жыл еліміз үшін де, құт дарыған Қордай ауданы үшін де шын мәнінде табысты жыл болды. Ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуы айтарлықтай өсті. Әр салада қол жеткізген жетістіктеріміз келесі жылы да жалғасын тапсын демекпіз.

«Ескі жыл есіркесін, жаңа жыл жарылқасын» деген аталы сөздегідей, өткен жылға өкпе жоқ, ал келер жылдан күтер үмітіміз жетерлік.     

Ардақты ағайын!

Келер жыл жағымды жаңалыққа, жасампаздыққа, қуанышты сәттерге толы болсын. Жаңа жыл әр отбасына амандық, баршаңызға мықты денсаулық, ел игілігі жолындағы еңбектеріңізге табыс,  береке-бірлік алып келсін!

Leave A Reply

Your email address will not be published.