Құрметті қордайлықтар!
Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын!
Бұл күн біздің басты құндылықтарымыз – бейбітшілік, келісім, достық және Қазақстан аумағында тұратын әрбір этностың салт-дәстүрі мен мәдениетін сақтаудың символына айналды. . Біздің аудан еліміздегі көпұлтты аймақ болып табылады, және біз осы достықты одан әрі қастерлеп, нығайтып келе жатқанымызды мақтан тұтамыз.
Қазақстан халқының бірлігі күні – көктемгі жаңару мен жарқын үміттің, бейбітшілік пен жасампаздықтың, ізгілік пен әділеттің символы. Бұл мерекені барлық ұрпақтар бірдей жақсы көреді және оны бүкілхалықтық деп санауға болады — аға ұрпақ үшін ол еңбек ынтымағын, жастар үшін көктемнің таңы әрі жақсылыққа ұмтылуға жетелейді.
Қымбатты қордайлықтар!
Осы жарқын күнде әрбір үйге бейбітшілік, зор денсаулық, амандық пен гүлдену туралы ең шынайы тілегімді қабыл алыңыздар!