Қазақстан Республикасында 23 маусым — Мемлекеттік қызметшілер күніне орай Қордай ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында дәстүрлі аудандық спартакиада ұйымдастырылды.
Спартакиаданың басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, ұжым ішіндегі ауызбіршілік пен ынтымақтастықты арттыру, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің спорттық қабілеттерін шыңдау.
Жарыс барысында қатысушылар футбол, волейбол, үстел теннисі, шахмат, тоғызқұмалақ және арқан тарту сынды спорт түрлері бойынша бақ сынасты. Жоғары дайындық пен ұйымшылдық танытқан командалар арасында үздік нәтиже көрсеткендер облыстық кезеңге жолдама алды.
Айта кету керек, бұл бастама Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында жүзеге асырылып отыр.