Аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі мен «Мансап» орталығының бірлесіп ұйымдастыруымен, сондай-ақ пробация қызметкерлерінің қатысуымен жастарға және NEET санатындағы жастарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді.

0

Іс-шараның басты мақсаты – жастарды тұрақты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілер арасында тиімді байланыс орнату, сондай-ақ жастардың еңбек нарығындағы мүмкіндіктерін кеңейту. Жәрмеңкеге қатысушылар түрлі мекемелер мен кәсіпорындар ұсынған бос жұмыс орындары туралы толық ақпарат алып, жұмысқа орналасу талаптары мен шарттарымен танысты.
Кездесу барысында жастар жұмыс берушілермен тікелей сұхбаттасып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Сонымен қатар, қатысушыларға кәсіби бағдар беру бағытында кеңестер ұсынылып, олардың білімі мен тәжірибесіне сәйкес жұмыс орындары таныстырылды. Бұл өз кезегінде жастардың еңбек нарығына бейімделуіне және кәсіби әлеуетін арттыруға мүмкіндік берді.
Аталған шара жастардың жұмыспен қамтылу деңгейін арттыруға, әлеуметтік белсенділігін күшейтуге және олардың болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға бағытталған маңызды бастамалардың бірі болып табылады. Осындай жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.