АУДАННЫҢ 2023 ЖЫЛҒЫ ҚАҢТАР-ЖЕЛТОҚСАН АЙЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ

0

Ауыл шаруашылығы. Қордай ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен негізінен шаруа қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтары айналысады. Есепті мерзім ішінде төрт түліктің барлық түрлерінің өнімдерін қоса есептегенде 10489,2 тонна ет (сойыс салмақта), 66787,9 тонна сүт, 19421,6 мың дана жұмыртқа өндіріліп, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 879,6 тонна ет кем өндіріліп, 544 тонна сүт артық өндірілді. Мал басы өз төлдері есебінен көбейту арқылы мүйізді ірі қара мал саны 95497 басқа, қой 475346 басқа, ешкі 14615 басқа,  жылқы 20216 басқа, шошқа 1950 басқа, үй құстары 134472 басқа жетіп, өткен жылғы есепті мерзімдегімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 6516 басқа, қой 3165 басқа, ешкі 657 басқа, жылқы 698 басқа, шошқа 197 басқа, үй құстары 2871 басқа көбейді.

Өнеркәсіп өндірісі. Аудан бойынша қаңтар-желтоқсан айларында өнеркәсіп кәсіпорындарымен (шағын кәсіпорындар, қосалқы өндіріс және үй шаруашылықтарын қосқанда) 18872329 мың теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Өнеркәсіптік өндірістің индексі 2022 жылғы сәйкес кезеңге 100,8%-ды құрады.

Инвестиция және құрылыс. Аудан бойынша қаңтар-желтоқсан айларында негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 64139814 мың теңгені, ал орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 22695594 мың теңгені құрады.

Бөлшек сауда. Есепті мерзім ішінде ауданда бөлшек сауданың көлемі 38348300 мың теңгені құрап, оның ішінде азық-түлік тауарлары 11297982 мың теңгеге, азық-түлік емес тауарлары 27050318 мың теңгеге сатылды.

Қордай аудандық статистика басқармасы

Leave A Reply

Your email address will not be published.