АУЫЛҒА АЙЫРЫҚША НАЗАР

0

Өткен сенбіде Қордай ауданына жұмыс сапарымен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ауыл» партиясы төрағасы Серік Егізбаев, төраға орынбасары, Мәжіліс депутаттары Жигули Дайрабаев және Ерболат Саурықов жұмыс сапарымен келді.
Халық қалаулылары облыстық мәслихат депутаты Талғат Сәрсембаев, аудандық мәслихат депутаттары Жайық Манасбаев, Дәурен Кенжебеков, аудандық әкімдіктің мамандарымен бірге «EcoChicken» АӨК құс фермасы жұмысымен танысты. Жылына 60 тонна құс етін өндіруге қауқарлы кәсіпорынның жалпы жұмысы, оның ішінде мемлекеттік қолдау, ауыл халқын жұмыспен қамту бойынша депутаттарға толыққанды мәлімет берілді. «EcoChicken» құс шаруашылығында 21 модульді құс фермасы бар. Онда 40 мың құс өсірілуде. Алдағы уақытта тағы 10 модульді құс фермасы орнатып, 1200 тонна құс етін өндіру жоспарлануда.
Осыдан кейін мәжілісмендер Қордай ауылында орналасқан «Дәурен-ай» шаруа қожалығында болды. Қожалықтың 1500 бас ірі қара бордақылау алаңын көрген депутаттарға ШҚ басшысы Ж.Манасбаев мал азығын дайындау, етті нарыққа шығару, жалпы мал шаруашылығын жүргізу бойынша түсініктеме беріп, алдағы жоспарларымен танысты. Осыдан соң партияластар «Ауыл» партиясының Қордай ауылындағы кеңсесінде болып, онда партия төрағасы ауылды көтеру бойынша ауданда атқарылып жатқан жұмыстарға сәттілік тілеп, шаруаларды мемлекеттік қолдау аясын кеңейту бойынша депутаттар алдында ауқымды жұмыс тұрғанын жеткізді. «Партия девизінде айтылғандай «Ауылды төрге шығару» үшін аянбай еңбек етіп, еселі жұмыстар атқару қажет», — деді С.Егізбаев.

Leave A Reply

Your email address will not be published.