Ауыл әйелдерінің VI республикалық форумы

0

17 қараша күні Астана қаласында «Тұрақты даму басымдықтарын қалыптастырудағы ауыл әйелдерінің рөлі» атты Ауыл әйелдерінің VI форумы ашылды. Форум тәжірибе алмасу, ауылдық аумақтарды дамытудың түрлі бағыттарының үздік өкілдерін және әйелдер кәсіпкерлігін дамыту жөніндегі әлеуметтік жобаға қатысушыларды оқыту және марапаттау алаңына айналды.

Форумды ұйымдастырушылар Жасыл экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту Коалициясы және  Әлеуметтік динамика қоғамдық қоры ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның және  Coca-Cola халықаралық қорының қолдауымен дайындық барысында 4 өңірлік форум өткізді. Өңірлік форумдар аясында облыстардың күн тәртібіне өңірлердің мәселелерін талқылады.

Форум әйелдер арасында, оның ішінде ауылда кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған әлеуметтік жобаларға қолдау көрсетеді. Биыл барлығы 15 мыңнан астам әйел кәсіпкерлік негіздері және  қосалқы шаруашылық жүргізу бойынша тренингтерге қатысты. Айта кетейік, аталмыш республикалық форумға Қордай ауданынан аудандық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығының директоры Шынар Бейсенбаева қатысты. «Жамбыл облысы әкімінің аппараты әлеуметтік-саяси мониторинг бөлімінің бас инспекторы — облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасы-демографиялық саяси жөніндегі Комиссияның хатшысы Зәуре Тұрғынованың бастамасымен мен Қордай ауданынан делегат ретінде қатысып қайттым. Республика деңгейінде өткен форумнан ерекше әсер, өзім үшін жаңа инсайттар алдым. Ауыл әйелдерін, оның ішінде ауылдағы кәсіпкер әйелдерінің бастамасын қолдау – экономикамызды ілгерілететін алғышарттардың бірі. Сондықтан бұл форум нәзік жандылар арасындағы кәсіпкерліктің дамуына серпін беретініне сенемін»,-дейді Шынар Бейсенбаева.

Leave A Reply

Your email address will not be published.