Сарыбұлақ ауылдық округінің әкімі Бахтияр Абенов ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің ұсынуымен «Шекараны қорғауға қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды.
Бұл марапат ел қауіпсіздігін қорғаудағы жігерлі еңбегі мен адал қызметінің жемісі.
Бахтияр Абенов, өз қызметінде күш-жігерін аямай, шекараға жақын орналасқан ауылдың тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бірнеше бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асырды.
Медалді табыстау рәсімі Қордай ауданы әкімінің орынбасары Бақыт Сахатовтың қатысуымен өтті.
Бақыт Оңласынұлы, марапаттау барысында, Бахтияр Абеновтың еңбегін жоғары бағалап, оның шекара күзетіне қосқан үлесінің маңыздылығын атап өтті.
Бахтияр Абеновтың табыстары мен марапаттары – барша ауыл тұрғындары үшін шабыт көзі. Әкімдік өзінің жұмысына адал әрі жауапты қарай отырып, Сарыбұлақ тұрғындарының өмір сапасын жақсарту үшін барлық күш-жігерін жұмсайтын болады.