«АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

0

26 маусым күні «AMANAT» партиясы аудандық филиалы мәжіліс залында Қордай аудандық мәслихатындағы депутаттық фракциясының отырысы өтті. Отырыстың күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Бірінші мәселе «AMANAT» партиясының «Ауыл аманаты» жобасы аясында атқарылып жатқан жұмыстары туралы, бұл бойынша аудан әкімінің орынбасары Жұлдызбек Бақаевтың есебі тыңдалды. Баяндамашы жоба аясында берілетін несиенің негізгі шарттарына, бағдарламаның ауданда жүзеге асыру барысына тоқталып өтті. Айта кетейік, 2024 жылы «Ауыл аманаты» жобасына енгізілген өзгертулерге байланысты, 5-бағыт – жеке кәсібін ашуға және қайта жарақтандыруға берілетін болды. Бұл бағытқа ауданның барлық ауылдық округтері қатыса алады. Алдын ала жинақталған мағлұмат бойынша 171 жобаға өтінім берілген. Оның ішінде: ауыл шаруашылығы саласына – 46 жоба, кәсіпкерлік саласына – 119 жоба, мамандандырылған кооперативтер саласына – 6 жоба.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша аудандық мәслихат депутаты С.Сидоренко баяндама жасап, мәслихат депутаттарының сайлау науқаны барысында сайлаушылардан түскен аманаттардың, сайлауалды бағдарламаларының орындалу барысы және депутаттық міндеттерін атқаруы туралы айтып өтті.

Фракция отырысында көтерілген мәселелер толығымен қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.