Ауыл шаруашылығы санағы–бұл аграрлық сектордың жай-күйі туралы өзекті және сенімді алғашқы статистикалық деректерді алу мақсатында БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының халықаралық ұсынымдарына сәйкес жүргізілетін ауқымды және маңызды іс-шара.
Жер және егіс алқаптары, ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстары, ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтары, жануарларды ұстауға және өнімді сақтауға арналған өндірістік ғимараттар мен үй-жайлар, сондай-ақ аграрлық сектор инфрақұрылымының басқа да элементтері ауыл шаруашылығы санағының объектілері болып табылады. Ауыл шаруашылығы санағы 2025 жылдың 1 тамызынан 20 қазаны аралығында жүргізіледі. Ол деректерді жинаудың екі негізгі әдісін қамтиды: sanaq.gov.kz web-қосымшасы арқылы өз бетінше толтыру.
Санақ екі кезеңде жүргізіледі.
1-31 тамыз – онлайн кезең. Барлық ауыл шаруашылығы өндірушілері sanaq.gov.kz сайтындасауалнамадан өз бетінше өте алады. Бұл жылдам, ыңғайлы әрі қауіпсіз.
20 қырлүйек 20 қазан – Офлайн кезең. Онлайн сауалнамадан өтпеген үй шаруашылықтарын интервьюерлер планшеттерді пайдалана отырып, үй-үйге барып сұрастырады.
Қордай ауданы бойынша 26121 үй шаруашылығы 3710 ауылшаруашылық құрылымдар бар оның ішінде 104 ауыл шаруашылық кәсіпорындар болса 3606- сы дара кәсіпкерлер және шаруа немесе фермер қожалықтары болып есептеледі. Негізгі кезеңі 20 қыркүйектен 20 қазан аралығында интервьюерлер үй аралап, планшетпен сауалнама жүргізеді. Ауданымызға санаққа 12 нұсқаушы 54 интервьюер жұмысқа қабылданып санаққа қатысатын болады. Құрметті ауданымыздың тұрғындар! Ауыл шаруашылығы санағына өз үлестеріңізді қосыңыздар.