АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САНАҒЫ ӨТУДЕ

0

Қазақстан Республикасында 2025 жылғы 1 тамызда ауыл шаруашылығы санағы басталды. Санау басталар алдында өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары іске қосылды, SMS-хабарламалар жіберілді және тәулік бойы 24/7 режимінде чат ашылды sanaq.gov.kz сайтында. Қордай ауданы бойынша барлық ауылдық округтердің әкімдіктерінде, сондай-ақ Қордай аудандық статистика басқармасында барлық заңды тұлғалар, шаруа қожалықтары, жеке кәсіпкерлер ауыл шаруашылығы санақтан онлайн режимінде өте алады. Санақтың мақсаты аграрлық сектордың жағдайы туралы толық әрі объективті көрініс алу: ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері, олардың әлеуеті, шаруашылықтардың құрылымы және елдің азық-түлік ресурстарын қалыптастырудағы рөлі.

Қордай ауданының 2025 жылғы қаңтар-шілде айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы

Ауыл шаруашылығы. Қордай ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен негізінен шаруа қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтары айналысады. Есепті мерзім ішінде төрт түліктің барлық түрлерінің өнімдерін қоса есептегенде 3691 тонна ет (сойыс салмақта), 26602 тонна сүт, 10772,3 мың дана жұмыртқа алынып, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 98,9 тонна ет, 303,4 тонна сүт артық, 289,4 мың дана жұмыртқа кем өндірілді.

Бөлшек сауда. Есепті мерзім ішінде ауданда бөлшек сауданың көлемі 26034956 мың теңгені құрап, оның ішінде азық-түлік тауарлары 7505992 мың теңгеге, азық-түлік емес тауарлары 18528964 мың теңгеге сатылды.

Өнеркәсіп өндірісі. Аудан бойынша қаңтар-шілде айларында өнеркәсіп кәсіпорындарымен (шағын кәсіпорындар, қосалқы өндіріс және үй шаруашылықтарын қосқанда) 28376 894 мың теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Өнеркәсіптік өндірістің индексі 2024 жылғы сәйкес кезеңге124,6% құрады.

Инвестиция және құрылыс. Аудан бойынша қаңтар-шілде айларында негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 22952239 мың теңгені, ал орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 34803026 мың теңгені құрады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.