Ауыл шаруашылығын дамытпай, бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін емес.

0

Бүгін ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауы жарияланды. Жолдауда ауыл шаруашылығы саласын дамыту мәселесі көтерілгені мен сияқты ауыл шаруашылығы саласы ардагеріне үлкен серпіліс бергені жасырын емес. Өйткені ауыл шаруашылығын дамытпай, бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін емес. Бұл салада шешімін таппай келе жатқан өзекті мәселелер бар. Атап айтқанда, жұрттың жерге қол жеткізе алмауы, ұзақ мерзімге берілетін «арзан несиенің» болмауы, кәсіби мамандардың тапшылығы. Аграрлық аумақ болып саналатын біздің ауданымызда да бұл мәселе өзекті. Өнімділікті арттырып, шикізат өндірумен ғана шектелмеу үшін, сондай-ақ қойма және көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында шұғыл шаралар қабылдау туралы мемлекет басшысының тапсырмасы осы салада еңбек етіп жатқан қаншама фермерлерге, шаруа қожалықтары мен өндірістік кооперативтерге, басы бірікпеген жеке қосалқы шаруашылықтарға үлкен қолдау екені сөзсіз.
Ауыл еңбеккерлерінің ауыр жұмысы тым арзан бағаланатыны баршамызға белгілі. Сондықтан, субсидия және салық жеңілдіктерін беру бағдарламалары аясында ауылдық жерлердегі кооперацияны ынталандыру үшін тиісті шаралар топтамасын әзірленсе нұр үстіне нұр болар еді! Жолдауды жүзеге асыру барысында аграрлық секторға инвестиция тарту мәселесі оң шешімін табатынына сенімім мол!
Нұржан Молдабеков, Партиялық бақылау комиссиясының мүшесі, ауыл шаруашылығы саласының ардагері.

Leave A Reply

Your email address will not be published.