Ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру туралы

0

Құрметті аудан тұрғындары Сіздерді өз иелігіңіздегі ауыл шаруашылық жануарларды (мүйізді ірі қара, қой-ешкі, жылқы, түйе және шошқа) бірдейлендіруге шақырамыз. Себебі Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Ветеринария туралы №339 Заңының 4 тарау 32 баптың 1 тармақшасына сәйкес ауыл шаруашылығы жануарлар ауруларының профилактикасы мен диагностикасы, ветеринариялық дауалаудың жүзеге асырылуын бақылау және қадағалау мақсатында, әрбір жануарды сәйкестендіру міндетті.

Бірдейлендіруді жүргізу тәртібі мен мерзімдері «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» Қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы №7-1/68 бұйрығымен жүргізіледі.

  1. Осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген тәсілмен бірдейлендіруге Қазақстан Республикасының аумағындағы ауыл шаруашылығы жануарлары жатады.

Ауыл шаруашылығы жануарларының төлі (бұзаулар, қозылар, лақтар, боталар) туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін он төрт жұмыс күнінен кешіктірілмей сырғаланып, бірдейлендіру қажет.

Құлындар – төрт айлық жасынан бастап (таңбалау кезінде), туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін (чиптеу кезінде).

Сырғалау ауыл шаруашылығы жануарының құлағының ортасына аспалы сырғалықты көктамырға тигізбей бекіту жолымен жүргізіледі және сырғалар ауыл шаруашылығы жануарынан өмір бойы алынбайды.

2023 жылы 1 маусымнан бастап Қазақстанда ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне арналған ТortТulik мобильді қосымшасы іске қосылған. Ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК-дегі экономикалық саясатты талдау орталығымен бірлесіп әзірленген.

«ТortТulik» мобильді қосымшасы Ауыл шаруашылығы жануарларының базасын кеңейтуге көмектеседі, әрбір жануар иесі (ШҚ, ЖШС, ЖҚШ және т.б.) өз малына түгендеу жүргізе алады. Осының арқасында ветеринарлардың ветеринариялық-профилактикалық іс-шараларды уақтылы және толық көлемде жүргізуге мүмкіндігі болады.

«ТortТulik» мобильді қосымшасы арқылы онлайн және офлайн режимінде бағдарлама арқылы ветеринариялық төлқұжат алуға болады және болашақта малды сатып алу-сату, сондай-ақ союдан жануарды есептен шығару рәсімдерін жасауға болады. «TortТulik» Android Playmarket-те және iOS жүктеуге қолжетімді.

Ғ.Сабралы, Қордай ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ КМК директоры

Leave A Reply

Your email address will not be published.