Ауыл тұрғыны заңсыз діни оқытумен айналысқан

0

Қордай аудандық сотымен тіркеусіз діни қызметпен айналысқан ауыл тұрғынына қатысты әкімшілік іс қаралды. (ӘҚБтК-нің 490-б. 3-б.)

2024 жылдың маусым айында Қордай ауданының Қарасу ауылында азаматша Ю. миссионерлiк қызметтi  заңсыз жүзеге асырған, яғни тіркеусіз жиырмаға жуық кәмелетке толмаған балаларды діни наным-сенімге оқытумен айналысқан.

Сотта кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкініш білдірді.

ӘҚБтК-нің 490-б. 3-б. санкциясы 100 АЕК түріндегі әкімшілік айыппұлды көздейді.

Сот жаза тағайындау кезінде жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайлар ретінде кінәсін мойындауын таныды. Ауырлататын мән-жайлар сотпен анықталған жоқ.

Сот қаулысымен азаматша Ю. ӘҚБтК-нің 490-б. 3-б. бойынша әкімшілік жазаға тартылып, оған 360 мың теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.