АУЫЛДАРДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

0

АУЫЛДАРДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ЗЕРДЕЛЕНДІ
Аудан әкімінің орынбасары Нұрболат Сатымқұл жұмыс сапарымен Үлкен Сұлутөр ауылдық округіне барып, бірқатар әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты. Сапар барысында мектеп, мәдениет үйі, мешіт және медициналық пункттің жай-күйі зерделенді.
Нұрболат Ақынғалиұлы сала мамандарымен кездесіп, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, қойылған сұрақтарға жауап берді. Кездесу барысында ауыл тұрғындарын толғандырған өзекті мәселелер талқыланды.
Жұмыс сапары одан әрі Сұлутөр, Алға және Ноғайбай ауылдарында жалғасты. Аудан әкімінің орынбасары ауылдық саябақтардың, білім, мәдениет және денсаулық сақтау нысандарының қызметімен танысып, ауыл шаруашылығы колледжінің жұмысын да назардан тыс қалдырмады.
Сапар қорытындысы бойынша көтерілген мәселелер бақылауға алынып, оларды шешу бағытында жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктелді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.