АУЫЛДАРДАҒЫ ЖАҢА НЫСАНДАР ЖАЙЫ

0

Аудан әкімінің орынбасары Бақыт Сахатов аудандағы құрылыс алаңдардағы жұмысты қадағалауды жалғастыруда. Ауыл-ауылды аралап, жұмыс барысымен танысып жүрген Бақыт Оңласынұлы кезекті ретте Сұлутөр және Үлкен Сұлутөр ауылдық округінде болып қайтты.

Қазіргі таңда Сұлутөр ауылындағы Пушкин көшесінің 0,86 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «НұрСервис-2050» ЖШС-мен келісімшарт биыл түзілген. Ол бойынша ағымдағы жылдың тамыз айында жұмыс аяқталып, өткізілуі тиіс. Дәл осы сияқты Үлкен Сұлутөр ауылындағы Абылай хан көшесінің 1,2 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мердігер «Ақжол Сервис 2030» жөндеу жұмысын тамыз айында аяқтауы керек. Сонымен қатар, Үлкен Сұлутөр ауылында 90 орындық мәдениет үйінің құрылысы басталды. Мердігер «Астанаэнергомастер» ЖШС құрылысты келісімшартта белгіленген уақытта тапсыруға ниетті.

Бақыт Сахатов әр құрылыстың ең алдымен сапасына аса мән беріліп, өндірістік кестеге сәйкес аяқтауды тапсырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.