АУЫЛДАСТАР АСАРЛАТЫП ҮЙ САЛДЫ

0

Қалыптасқан игі дәстүрге сай ауданымызда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай бірнеше нысанның тұсауы кесіліп, оншақты отбасы баспаналы болды.
Айтулы күнге орайластырылған алғашқы тұсаукесер рәсімі Қордай ауылында болып өтті. Мұнда «асар» әдісімен салынған жеті пәтердің кілті көмекке мұқтаж көпбалалы отбасыларға табыс етіліп, салтанатты жиынға аудан әкімінің орынбасарлары Бегзат Болатбеков пен Дамира Сүгірбай, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Біржан Әлімбет, аудандық мешіттің бас имамы Асқар Сатылғанов қатысты. Жиын барысында сөз алған аудан басшысының орынбасары Бегзат Болатбеков қоныс той иелерін құттықтап, аудан әкімі Мәден Мұсаевтың жылы лебізін жеткізе келе, баспананың құрылысына демеушілік көрсеткен С.Солтанбековқа алғысын айтты.
«Ауданымызда мән-маңызы жоғары мерекелер кең көлемде аталып өтетіні белгілі. Алайда, еліміз үшін бүгінгі күннің маңызы мол. Сол себепті Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орайластырылған қайырымды істеріміз әлі де жалғасын тауып, жаны жомар жандардың арқасында бүгінгі қуаныш иелерін «асар» әдісімен салынған құтты шаңырағына қондырғалы отырмыз. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, осындай қуанышты сәттер көп болсын!», — деген Бегзат Болатбеков көпбалалы отбасыларға баспаналардың кілтін салтанатты түрде табыс етті

Leave A Reply

Your email address will not be published.