АУЫЛДЫҚ ОКРУГ ӘКІМІНЕ ҮМІТКЕРЛЕРГЕ ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК КӨРСЕТТІ

0

Ауылдық округ әкімдерін сайлау науқанында аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы кандидаттардың құқықтық тұрғыдан сауатты әрі уақытылы тіркелуін қамтамасыз ету мақсатында, заң талаптарына сәйкес, құжаттарды рәсімдеу бойынша кеңес беріп, әдістемелік көмек көрсетуде.

Бұл жұмыс әкім болуға кандидат ретінде тіркелуге қажетті құжаттар тізбесін түсіндіру, құжаттарды рәсімдеуге көмек көрсету, заң талаптарын сақтау, консультациялық сүйемелдеу және ашықтық принципі негізінде жүзеге асырылады.

Атап айтқанда, АСК төрағасы кандидаттарға қандай құжаттар қажет екенін нақтылап, құжаттардың мазмұны мен нысанын түсіндіреді. Өтініштер мен өмірбаяндарды, белгіленген үлгідегі сауалнамаларды, кірістер мен мүлік туралы декларацияларды тапсыру және өзге де қажетті құжаттарды толтыру тәртібі бойынша нұсқаулықтар берді.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының талаптарына және Күнтізбелік жоспарға сәйкес, сайлау науқанының негізгі мерзімдері туралы ақпарат ұсынылды.

Сондай-ақ, кандидаттардың сұрақтарына нақты жауаптар беріліп, жиі кездесетін қателіктерді болдырмау туралы түсіндірді.

Сайлау науқанының ашықтық принципі негізінде, әдістемелік көмек барлық үміткерлерге тең дәрежеде көрсетілді.

Аталған түсіндірме жұмыстары кандидаттардың заң талаптарына сәйкес белгіленген мерзімде тіркелуіне мүмкіндік береді.

Аумақтық сайлау комиссиясы

Leave A Reply

Your email address will not be published.