17 желтоқсанда аудандық мәслихаттың кезектен тыс елу төртінші сессиясы өтті. Оны Қордай аудандық мәслихат төрағасының міндетін атқарушы Қарлығаш Кыпшақбаева өткізді. Сессияға депутаттардан бөлек аудан әкімі Бегзат Болатбеков, аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы, аудан әкімдігінің бөлім басшылары мен мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері, Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Депутаттар «2025-2027 жылдарға арналған Қордай ауданы ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» Қордай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 30 желтоқсандағы №39-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселені қарады, ол бойынша егжей-тегжейлі баяндаманы аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Светлана Абдужалиева баяндама берді.
Одан бөлек «Қордай ауданы бойынша қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік – кеңесші органның 2025 жылғы атқарған жұмыстары туралы» мәселені қарады, ол бойынша аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай баяндама жасады.