Ауылішілік жолдарды жөндеуге басымдық берілуде

0

Аудан әкімі  ауылішілік жолдардың сапасын арттыру, жөнге келтіру бойынша жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берген болатын. Осыған орай, Қордай ауданындағы әрбір дерлік елді мекенде ауылішілік жолдар, көшелерді жөндеу бойынша ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Себебі, бұл мәселе – ауыл тұрғындарының басты сұрауының бірі.

Аудан бойынша жалпы ұзындығы 200 шақырымнан асатын ауылішілік жолдар жөндеуді қажет етеді екен. Биыл бұл бағыттағы жұмыстарды жүзеге асыру үшін жергілікті бюджеттен және  «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында қомақты қаржы бөлінді.

Жөндеу жұмыстары аясында бірнеше елді мекенде көшелерге жаңа асфальт төселіп, жолдар кеңейтілуде. Мәселен, жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыға 15,60 шақырым автомобиль жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Атап айтсақ, Шарбақты ауылындағы Ноғайбай көшесін,  Сортөбе ауылындағы Дауров көшесін, Масаншы ауылында Көктем және Пушкин көшелерін, Үлкен Сұлутөр ауылындағы Абылай хан көшесін, Қайнар ауылындағы Абай көшесін, сонымен қатар Смаглюк көшесінен Керуен көшесіне дейінгі жолақтар, Қордай ауылында Төле би көшесі және Қалғұты ауылындағы Тыңдала, Ұста, Оңтүстік көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Ал, «Ауыл – Ел бесігі»  бағдарламасы аясында 7 ауылдық округтің 17,20 шақырым автомобиль жолдарына орташа жөндеу жұмыстары қолға алынған. Атап айтсақ, Сұлутөр ауылы Пушкин көшесін, Степное ауылындағы Қазына, Бәйшешек, Поляков, Жасұлан, Кирилов көшелерін орташа жөндеу, Ноғайбай ауылындағы Төле би, Қожахметұлы, Асыраубаев, 1 мая көшелерін, Бетқайнар ауылындағы Төле би, Қарасу, Қазақстан көшесін, Беріктас ауылындағы Тың, Жуалы, Бау-бақша, Төле би көшесінен Солтүстік көшесіне дейін орташа жөндеу, Сейдуалиев көшесін, Қақпатастағы Қазыбек би, 1-ші мамыр, Бейбітшілік көшесінен Солтүстік көшесіне дейін орташа жөндеу жұмыстары қолға алынды.

Жолдарды жөндеумен айналысатын компаниялар барлық жұмыстарды қатаң түрде техникалық талаптарға сай орындауда. Жолдардың сапасын қадағалау үшін арнайы комиссия құрылып, жөндеу жұмыстарының сапасы тексерілуде. Қадағалаудың нәтижесінде, жолдардың беріктігі мен төзімділігіне ерекше мән беріліп отыр.

Тұрғындарды сапалы ауылішілік жолдармен қамтамасыз ету – олардың жолда жүру қауіпсіздігінің және қолайлы тұрмыс жағдайының негізі екені белгілі. Әкімдік алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстарды күшейтіп, ауылдық жерлердегі инфрақұрылымды дамыту бағытындағы шаралар мұнымен шектелмейтіндігін атап өтті.

Айта кетейік,  жүргізіліп жатқан жолдардың сапасын жақсарту үшін аудан бойынша «Ұлттық сапа» орталығымен келісімшарт жасалып, бақылауға алынған.

Фариза ҚОРАБАЙ

Leave A Reply

Your email address will not be published.