Неке және отбасы кодексі аясында, 2025 жылғы 10 қыркүйекте аудан әкімдігінің №303 қаулысына сәйкес «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ—нің «Аяла» отбасын қолдау орталығы» КММ құрылған болатын.
Қордай аудандық Мәдениет үйінде аудан әкімінің орынбасары Д.Сүгірбайдың төрағалығымен мобильді топ мүшелеріне арналған оқыту семинары өтті. Семинар барысында FSM Social платформасы арқылы жұмыс жүргізу тәртібі мен бағыттары жан-жақты түсіндірілді.
Іс-шараға «Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының» «Анаға тағзым» Жамбыл облыстық отбасылық даму әлеуметтік орталығының директоры Мырза-Ғали Эльмира Иниятқызы арнайы қатысып, тәжірибелік семинар өткізді.
Аталған орталық некені және отбасын сақтау, отбасылық жанжалдардың алдын алу, өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға әлеуметтік, заңдық және психологиялық қолдау көрсету, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы, сондай-ақ мемлекеттік отбасы саясаты бағыттары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асырады.
Қордай ауданы әкімінің 2025 жылғы 21 қарашадағы №77 өкімімен мобильді топ құрылып, оның құрамына 542 маман енгізілді. Барлық мобильді топ мүшелеріне FSM Social цифрлық платформасы арқылы жұмыс істеу мүмкіндігі берілген.
Фариза ҚОРАБАЙ