Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасы бойынша жалпыхалықтық референдум қарсаңында қоғамда қолайлы көңіл-күй сақталып отыр. 18 жастан асқан 1 200 респонденттің қатысуымен жүргізілген телефондық сауалнама нәтижелері осындай қоғамдық көңіл-күйді айқын көрсетті. Зерттеу еліміздің 20 облысы мен республикалық маңызы бар 3 қаласын толық қамтыды.
Сауалнама нәтижелері халықтың хабардарлық деңгейі айтарлықтай жоғары екенін көрсетеді: азаматтардың басым бөлігі жоба мазмұнымен белгілі бір деңгейде таныс немесе ол туралы естіген. Сұралғандардың 22,5%-ы жаңа Конституциямен таныс емес екенін айтқан.
https://opinions.kz/kk/