Аудан әкімінің міндетін атқарушы Бақыт Сахатов азаматтардың жеке мәселелері мен өтініштері бойынша қабылдау өткізді. Жеке қабылдауға келген тұрғындар ұсыныс-тiлектерiн жеткізіп, мәселелерiнiң оң шешiмiн табуына ықпал жасауды сұрады.
Жеке қабылдауға келген тұрғындар жер, тұрғын үй, жол жөндеу, қаржылық көмек және қаңғыбас иттердің бақылаусыз қозғалуы сияқты өзекті мәселелерді жеткізді.
Бақыт Оңласынұлы әрбір азаматтың сауалын тыңдап, заңнама шеңберінде толық түсіндірме берді. Мәселелерді терең талдау арқылы ол, тиісті мекеме басшыларымен ауылдық округ әкімдеріне қадағалау жүргізуді тапсырды.
Қабылдау барысында 14 тұрғынның өтініштері қаралып, олардың кейбіреуіне дербес шешімдер қабылданды. Дәстүрге айналған бұл шара – тұрғындар мәселелерін тікелей басшылыққа жеткізуге мүмкіндік береді. Азаматтардың әлеуметтік қиындықтарын тез шешуге бағытталған бұл іс-шара қоғамдық қатынастарды нығайтуда маңызды рөл атқарады.
Жеке қабылдаулардың жүйелі түрде өткізілуі – қоғам мен билік арасындағы ашық диалогты нығайтудың дәлелі.