«AMANAT» партиясы Қордай аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде Қордай ауданы әкімінің орынбасары Жұлдызбек Бақаев аудан тұрғындарын жеке сұрақтарымен қабылдады.
Қабылдау барысында Қордай және ауылдық округтердің тұрғындары өздерін толғандырған түрлі мәселелерін жеткізді. Азаматтардың өтініштері негізінен тұрғын үймен қамтамасыз ету, материалдық көмек алу, сондай-ақ елді мекендерге газ кіргізу мәселелеріне қатысты болды.
Әрбір өтініш жеке қаралып, тұрғындарға қолданыстағы заңнама аясында толық түсіндірме берілді. Сонымен қатар, көтерілген мәселелердің шешу жолдары бойынша нақты ұсыныстар мен тиісті мекемелерге жолданатын тапсырмалар айтылды.
Мұндай қоғамдық қабылдаулардың басты мақсаты – халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, олардың өтініштерін дер кезінде шешу. «AMANAT» партиясының Қордай аудандық филиалы алдағы уақытта да тұрғындармен ашық диалог орнатып, әлеуметтік мәселелердің шешілуіне барынша атсалысатын болады.