Оңтүстік Кореяның Мунген қаласында дзюдодан жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтті. Байрақты турнирге қатысқан қордайлық спортшы Алтынбек Қонысбай 60 келі салмақта өнер көрсетіп, қола жүлдеге ие болды.
Жерлесіміз №17 балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің спортшысы. Бапкері – Ахан Мустафин. Айта кету керек, Азия чемпионатына 16 елден 169 дзюдошы қатысты. Жүлделі орын құтты болсын!