Бүгін Қордай ауданының әкімі Бегзат Болатбековтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар, сондай-ақ алдағы уақытта атқарылатын жұмыстардың барысы жөнінде кең көлемді жиын өтті.
Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, жауапты мекеме және бөлім басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.
Аудан басшысы Бегзат Болатбеков реформалардың негізгі бағыттарын атап өтіп, олардың қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылық пен құқықтық мәдениетті нығайтуға қосатын үлесін ерекше атады.
Сонымен қатар, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстардың кестесі мен нақты мақсаттары талқыланды, жауапты бөлімдерге нақты тапсырмалар берілді.