«БҰЛАҚ КӨРСЕҢ, КӨЗІН АШ»

0

Қызылсай ауылының тұрғындары мен еріктілері «Таза Қазақстан» акциясы аясында ауылдағы табиғи бұлақтардың көздерін ашып, оларды тазалау жұмыстарын жүргізді.

Аталған акция жергілікті тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру және табиғи ресурстарды қорғау мақсатында ұйымдастырылды.

Ауыл жастары бұлақтардың айналасындағы қоқыстарды жинап, су жолдарын ашса, Ауқатты ауылдық округі әкімі аппараты тарапынан арнайы техника жұмылдырылып, каналдың ішін толықтай тазалап өтті.

Бұл игі шара ауыл тұрғындарының табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, экологиялық сана-сезімдерін нығайта түскені сөзсіз.

Ауқатты ауылдық округі ақсақалдар кеңесінің төрағасы А.Семжанов тазалық жұмыстарына қатысқан барлық ауылдастарына алғысын білдіріп, осындай абаттандыру жұмыстары ауылды көркейтуге және туған өлкенің табиғатын аялауға ықпал ететінін, сондай-ақ тұрғындардың денсаулығына да оң әсерін тигізетінін атап өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.