«Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталады»

0

Бейсенбі күні аудандық Мәдениет үйінде қордайлық аяулы аналар мен қыз-келіншектердің құрметіне «Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталады» атты салтанатты кеш өтті

Сұлулық пен нәзіктік, даналық пен мейірбандық салтанат құрған жиында арулар ерекше қуанышқа бөленді. Оларды ең алдымен аудан әкімі Бегзат Болатбеков құттықтады.

«Тәуелсіз еліміздегі бейбіт тірліктің, мызғымас бірліктің, жарқын болашаққа деген сенімнің, ізгілік пен мейірімділіктің ұйытқысы – Әйел аналар қауымы! Қуаныш пен мейірімге толы мерекеге орай өмірімізге мән, тіршілігімізге сән беретін нәзік жандыларды 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күнімен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, шаттық пен бақ-береке тілеймін»,- деп жылы лебізін жеткізген аудан әкімі түрлі салада белсенділігімен, адал еңбегімен көзге түскен нәзік жандыларды, залда отырған еңбек ардагерлерін мерекеге орай марапаттады.

Атап айтатын болсақ, Балжан Бөлтірікова атындағы №4 мектеп-лицейінің медбикесі Гүлбайра Әміржанова облыс әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Ал аудан әкімінің Құрмет грамотасымен Зияш Жазықбаева, Қарлығаш Қыпшақбаева, Сандуғаш Наханова, Гаухар Сейтжанова, Шолпан Сабанова, аудан әкімінің Алғыс хатымен Зураш Бурумбаева, Ғалия Тезекбаева, Жамал Маженова, Әсел Оспанбекова, Елена Бормина, Зәуре Талмұханбетова, Айсенім Жамантаева, Лейля Чалтикенова, Анар Жанабаева, Марзия Рахимова, Фаризат Керімжанова, Динара Орумбаева, Раушан Аманова, Динара Кеңес марапатталды.

Осыдан кейін аудандық мәслихат төрағасы Нурдин Садықов әйелдер қауымын құттықтап, марапатын ұсынды.

Бұл күнгі сахнада шырқалған ән мен  айтылған ізгі тілектердің бәрі асыл ана, сүйген жар, сүйікті әпке-қарындастарға арналды. Аудан өнерпаздары дайындаған сазды бағдарламаны тамашалаған қыз-келіншектер көтеріңкі көңілмен тарқасты..

Leave A Reply

Your email address will not be published.