Ауданда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлардың бағасын негізсіз өсуін және тауардың сауда үстемесі 10-15% аспауын зерделеу мақсатында Сарыбұлақ ауылдық округіндегі «Ақәділ» және «Милана» дүкендеріне, Бетқайнар ауылдық округіндегі «Карина» дүкеніне, Әлжан ана ауылдық округіндегі «Ақмаржан» және «ТПС» дүкендеріне зерделеу жұмыстарын жүргіздік. Дүкендердің ешқайсысында тауарлардың жүкқұжаттары жоқ, сонымен қатар, тауарларда бағалары қойылған белгі жоқ, кейбірінде тіпті бақылау кассалық аппараттары жоқ болып шықты. Дүкендер жүкқұжат көрсетпеді және сатушылармен сұхбаттасу кезінде Қордай ауылындағы «Рахат» және «Көбей» көтерме дүкендерінен тауарлар алынатындығы анықталды.
Сарыбұлақ ауылдық округіндегі «Ақәділ» дүкенінде зерделеу кезінде 6 тауардың бағасы 15% сауда үстемесінен асқан; (күріш — 16,2%, кеспе — 18,5%, айран — 17,8%, күнбағыс майы — 27,2%, қант — 31,2%, тұз — 25%, «Милана» дүкенінде күнбағыс майы – 32%).
Әлжан ана ауылдық округі «Ақмарал» дүкені бойынша: күріш – 22,4%, бірінші сұрыпты ұн — 48%, тауық еті – 20,7%, күнбағыс майы – 36,3%, қант -28,4%, тұз -25%. «ТПС» дүкені бойынша: күнбағыс майы — 33%, қант — 18%, тұз – 25%.
Бетқайнар ауылдық округі бойынша: «Карина» дүкені: күріш – 18,8%, сары май – 16,2%, күнбағыс майы – 34,7%, қант – 18,1%.
Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын негізсіз өсірген Отар ауылдық округіндегі «Шұғыла» және «Еламан» дүкен иелеріне облыстық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне хабарласып, департаменттің маманы келіп ескерту жариялады, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер айыппұл салуға әкеп соқтыратыны ескертілді.
Қордай ауылындағы төмендегі көтерме сауда орындарының жұмысы зерделенді:
«Флагман» сауда орталығында тұтынушыларға барлық жағдай жасалған, баға белгілері бар, заманауи талаптарға сай, жүк құжаттары бар, касса аппараттары жұмыс істеп тұр. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағалары шекті мөлшерден аспағандығы анықталды.
Сонымен қатар, «Шұғыла» сауда орталығында да барлық жағдай жасалған, бақылау-кассалық машиналары бар, барлық тауарларда баға белгілері, тауарларды алғандығы жайлы жүкқұжаттар бар, ғимарат іші жылы, таза. Бірақ, кейбір әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы 10-15 пайыз асып кеткен, олар: қарақұмық- 16,4% , кеспе-20,7%, тұз-15,6%, бұл жағдай облысқа хабарланды.
Біз аудандық Қоғамдық кеңестің жұмыс жоспарына сәйкес 2024 жылдың 15 ақпанында орталықтағы «Семейный» және «Милана» сауда орталықтарында зерделеу жұмыстарын жүргіздік. Нәтижесінде «Семейный» және «Милана» дүкендерінде кассалық аппараттар орнатылған, тұтынушыларға тауар чегі беріледі. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы зерделеу кезінде 15% сауда үстемесінің мөлшерінен аспаған.
«У Грека» дүкенінде кассалық аппарат қолданбайды, тұтынушылардың талабына сәйкес тауар чегі беріледі, баға белгілері жоқ, суық, тұтынушыларға ешқандай жағдай жасалмаған, талапқа сай емес, зерделеу кезінде күріш, тауық еті, айранның бағалары шекті бағадан асып кеткен, тауардың барлығы, оның ішінде азық-түлік тауарлары жерде жатыр.
Көтерме сауда дүкені ЖК Акилов М. «Дәулет» дүкені өз ісін талапқа сай жүргізеді. Дүкенде кассалық аппарат, компьютер, бейнебақылау камералары бар. Барлық өнімдерде баға белгілері бар. Кейбір тауарларға (ұн, май) ішінара шот-фактуралар беріледі.
Жеке кәсіпкер Шангитова М.А көтерме сауда дүкені «Әділ» дүкенінде кассалық аппарат бар, бірақ тауар чегін тек сатып алушының өтініші бойынша береді, баға белгілері барлық тауарларда жоқ. Бейнебақылау камералары бар. Шот-фактуралар жоқ.
ЖК Надиров Ж. «Рахат» көтерме сауда дүкенінде сатып алушылардан алыс сөреде орналасқан касса бар. Олар тек тұтынушының өтініші бойынша тауар чегі беріледі. Өнімдерде баға белгілері бар. Бейнебақылау орнатылған. Зерделеу басында көтерме сауда дүкенінің өз ісін шот-фактурасыз жүргізетінін айтып, бірде-бір шот-фактура көрсетпей, кейін өтінішімізге жауап ретінде олардың кейбірін ғана көрсетті.
«Заңғар» көтерме сауда дүкенінде касса аппараты жоқ, жүк қағаздарын көрсетпеді.
«Көбей» көтерме сауда дүкенінде касса аппараты жоқ, жүк қағаздарын көрсетпеді, ауданның елді-мекендеріндегі барлық дүкендер тауар алатындығына қарамастан, жүк қағаздары берілмейді, тек алған тауарлардың тізімін жазып береді.
Жоғарыда зерделенген көтерме сауда дүкендерінде «Заңғар», «Көбей», «У Грека» касса аппараттары жоқ, жүк қағаздары тек «Флагман» сауда орталығында дұрыс толтырылып, берілуде.
Сонымен қатар, «AMANAT» партиясы Қордай аудандық филиалы саяси кеңесі бюросының мүшелерімен бірге Отар ауылдық округіне қарасты Гвардейск кентінде әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын зерделеу жұмыстарын жүргізді.
Зерделеу нәтижесінде барлық дүкендерде бақылау касса аппаратының жоқтығы анықталды, жүк құжаттары да барлығында болмады, «Юбилейный» дүкенінде кассалық аппарат және жүк құжаттары бар, мұнда тұтынушыларға жағдай жасалған. Қалған «Айша (Сембаева Айсұлу), ЖК «Даулетназарова», ЖК «Абдразақ», ИП Б.Мырзағалиев, ЖК «Ульяна» дүкендерінде жүк құжаттары толық емес, баға көрсеткіштері жоқ, пияз, айран, тұз, тауық етінің, күріштің бағалары шекті үстемеден асып кеткен, түбіртек берілмегендіктен, қанша пайызға асқандығын (себебі касса аппараты жоқ, ) анықтау мүмкін болмады.
Жоғарыда аталған мәселелер «AMANAT» партиясы Қордай аудандық филиалы саяси кеңесі бюросында, аудандық Қоғамдық кеңесте қаралып, тиісті шешімдер қабылданды, құзырлы мекемелерге ұсынымдар берілді.
Б.Қарамолдаева, аудандық Қоғамдық кеңес төрайымы