Ауданда әлеуметтік маңызы бар 19 азық-түлік тауарлардың бағасын негізсіз өсуіне және тауардың сауда үстемесі 10-15% аспауын қадағалау мақсатында, аудандық Қоғамдық кеңес мүшелері Қордай ауылындағы «Шұғыла» дүкенінің филиалына және «Орион» дүкендеріне зерделеу жұмыстарын жүргізіп, төмендегі жағдайлар анықталды:
«Шұғыла» дүкенінің филиалында барлық жағдай жасалған, кассалық аппарат бар, барлық тауарларда баға белгілері, тауарларды алғандығы жайлы жүкқұжаттар бар, ғимарат іші таза, заманауи талаптарға сай. Бірақ, кейбір әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы 10-15 пайыз асып кеткен, олар: қарақұмық- 28% , күріш-17,5%, тауық еті-19,5%.
«Орион» дүкенінде кассалық аппарат жұмыс істеп тұр, тауарлардың жүкқұжаттары жоқ, тауарларда бағалары қойылған белгі бар. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы 10-15 пайыз асып кеткен, олар:қарақұмық- 26,5%, тұз-30,6%.
Аталған фактілер бойынша әкімшілік жаза қолдану үшін мәлімет облыстық сауда және тұтынушыларды қорғау департаментіне хабарланды.
Баян Қарамолдаева, Қордай аудандық қоғамдық кеңес төрайымы