БАҒАЛАРҒА КҮШЕЙТІЛГЕН БАҚЫЛАУ МЕН ЖҮЙЕЛІ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗЕДІ

0

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 362-нқ бұйрығымен әлеуметтік маңызы бар азық — түлік тауарларының кеңейтілген тізбесі бекітілді 19-дан 31-ге дейін. Аталған тауарларға қатысты жергілікті атқарушы органдар бағаларға күшейтілген бақылау мен жүйелі мониторинг жүргізеді.

Мониторинг үйдің жанында» дүкендерде, азық-түлік базарларында және сауда желілерінде жүзеге асырылады. Негізгі мақсат — рұқсат етілген сауда үстемесінің сақталуын қамтамасыз ету (сатып алу бағасының 15%-дан аспайтын деңгейде), сондай-ақ бағаның негізсіз өсуін болдырмау.

Кәсіпкерлік субъектілерімен жүргізілетін жұмыс шеңберінде заңнаманың талаптарын түсіндіру жүзеге асырылады, консультациялар жүргізіледі және ақпараттық материалдар таратылады.

Бұзушылықтар анықталған жағдайда ҚР ӘҚБтК-нің 204-4-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген. Айыппұлдар:

— жеке тұлғалар мен шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін

— 5 АЕК;

— орта кәсіпкерлік субъектілері үшін — 35 АЕК;

— ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін — 150 АЕК.

Айыппұл салынғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап бұзу екі есе мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

Бұйрыққа қосымша

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары

Р/с № Тауардың атауы
1 Бірінші сортты бидай ұны
2 Бірінші сортты бидай ұнынан жасалған нан (пішінді)
3 Рожки
4 Қарақұмық жармасы (дән)
5 Тазартылған күріш (домалақ дәнді)
6 Картоп
7 Асханалық сәбіз
8 Басты пияз
9 Ақ қауданды қырыққабат
10 Қызанақ («черри», «жүзім» сорттарынан басқа)
11 Қияр («корнишондар»сортынан басқа)
12 Алма
13 Ақ қант – құмшекер
14 Күнбағыс майы
15 Сүйегі бар сиыр еті
16 Сүйексіз сиыр еті
17 Тартылған ет
18 Қой еті, оның ішінде сүйексіз
19 Жылқы еті, оның ішінде сүйексіз
20 Жаңа ауланған, салқындатылған және мұздатылған балық (табан, мөңке, көксерке, тұқы, сазан)
21 Тауық еті (тауық жамбасы, сирағы, сан еті)
22 Тауық (ұшасы)
23 Майлылығы 2,2-6% пастерленген, ультра пастерленген, зарарсыздандырылған сүт дәмдік қоспалары жоқ (лактозасызды қоспағанда)
24 Майлылығы 2-3 % айран (лактозасызды қоспағанда)
25 Қаймақ (лактозасызды қоспағанда)
26 Майлылығы 5-9% сүзбе (лактозасызды қоспағанда)
27 Майлылығы 40-50% қатты, жарлытай қатты ірімшік
28 Сары май (тұздалмаған, майлылығы 72,5%-дан 80%-ға дейін, толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ)
29 Тауық жұмыртқасы (I санатты)
30 Қара шай (дәмдік қоспалары жоқ, пакеттелгендерден басқа)
31 Ac тұзы («Экстра»-дан басқа)

Қордай ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.